BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Көкжиекке қараймын қырға барып...» атты жыр жинағы жарық көрді

 АСТАНА. 26 ақпан. BAQ.KZ – «Атырау» облыстық газеті бас редакторының орынбасары, Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың иегері, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Нұрлан Қабыловтың «Көкжиекке қараймын қырға барып...» өлеңдер жинағы «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасынан жарыққа шықты. Жуырда Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның залында осы кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті. Бұл туралы Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

 Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл шараны белгілі журналист, өлкетанушы Өтепберген Әлімгерей ашып, жүргізіп отырды. Аталмыш шараны ашқан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Алтынбек Нысанғалиев қаламгер досы туралы сырымен бөлісіп, басқарма атынан ескерткіш сыйлығын ұсынды.
Көпшіліктің қошеметтеуімен «Көкжиекке қараймын қырға барып...» жыр жинағының тұсаукесер рәсімін Қазақстанның Құрметті журналистері Исатай Балмағамбетов пен Төлеген Жаңабай жасап, шығармашылық табыс тіледі. Жаңа кітаптың мазмұны мен көркемдігі хақында облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Ермек Биғалиев шолу жасады. Сондай-ақ, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының шәкірттері жинаққа енген өлеңдерден үзінділерді мәнерлеп оқыды.
Тұсаукесер рәсімін ұйымдастырып, өткізуге атсалысқандарға ризашылығын білдірген Нұрлан Достанұлы жыр жинағының он данасын Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың директоры Гүлжанай Қалиеваға табыстады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер