BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайда жерлеудің жаңа түрі пайда болды

Астана. 30 сәуір. Baq.kz. «Шанхайда қайтыс болған жандарды жерлеудің жаңа тәсілі пайда болды. Өйткені, қазіргі уақытта үлкен мегаполистегі зиратта орын жоқ. 

Сондықтан жаназа шығарумен айналысатын жергілікті бюро қымбат емес экологиялық қызмет түрін ойлап тапты. Одүниелік болған адамның мүрдесі өртеліп, күллі биологиялық тыңайтқышқа айналып кететін ыдысқа салынады. Ал оның үстіне гүл отырғызылады.
Үш айдан кейін барлығы топыраққа сіңіп кетеді. Жерлеу қызметін көрсететін бюро бұл күндері Шанхай тұрғындарын осы тәсіл арзан әрі экологиялық таза деп үгіттеп бағуда. Тіпті осы жолды таңдаған тұрғындарға ақшалай жеңілдік жасайды. Қазір экологиялық жерлеу тәсілін 30 пайыз халық құптайды екен. Өйткені Қытайда қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салу тым қымбатқа түседі.
Шанхайлықтар үшін тағы бір тәсіл бар. Жаңа технология бойынша сүйекті өртеп, күлге емес, 150-дей шағын кристалға айналдырады. Оны үйге сақтап қоюға болады немесе алқа, сырғаның тасына айналады. Бұл тәсіл де қытайлықтар үшін екі есе арзанға түседі.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер