BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақтың ары» атты кітап жарық көрді

Астана. 15 мамыр. BAQ.KZ – Қазақтың руханият байлығы тағы да бір туындымен толықты. Жуырда Астана қаласындағы «Жасыл Орда» баспасынан филология ғылымдарының кандидаты Ахат Нұртас Ахатұлының «Қазақтың ары» атты кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты. 

Нұртас Ахатұлы - 1961 жылы 11 қыркүйекте Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келген. Әдебиеттанушы-ғалым. «Алаштың Алмас ақыны», «Қос арна» секілді зерттеу жинақтарының авторы.
«Қазақтың ары» кітабында қазақ ұлтының рухани қазынасы - рух, намыс сана, тіл, сенім сияқты категорияларына талдау жасалған. Тәуелсіздіктің ширек ғасырға жуық тарихи уақыты өтсе де қазақ ұлтының әлі де болса өз қоғамында рухани жүдеулікте күн кешуі себеп-салдарына талдау беріліп, бүгінгі жастарға арнала айтылған тұшымды пікірлері берілген.
2014 жылы 16 мамыр күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында автордың «Қазақтың ары» атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне арналған «Ар» рухани-танымдық кеші өтеді. Рухани танымдық кешке елімізге танымал ақындар Қалқаман Сарин, Ұларбек Дәлейұлы, Ерлан Жүніс және Бауыржан Қарағызұлы қатысады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер