BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақстанның зияткерлік меншігі» журналының мерейтойлық нөмірінің тұсаукесері өтті

Астана. 31 қаңтар. Baq.kz – ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның «Қазақстанның зияткерлік меншігі» журналының мерейтойлық нөмірінің тұсаукесері өтті.

Презентацияға С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Назарбаев университет» АҚ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің қызметкерлері және студенттері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ғылыми-техникалық ақпаратты және талдау орталығының, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатаның өкілдері, журнал оқырмандары қатысты.

Журналдың презентациясын "ҰЗМИ" РМК директордың орынбасары Сәуле Жүсіпбекова ашты. Ол өзінің құттықтау сөзінде зияткерлік меншіктің құқығын сақтау және қорға елдің инновациялық-индустриалдық даму, Қазақстанның ДСҰ кіру, Бүкіләлемдік бәсекелестік индексінің рейтингінде ҚР жайғасымдарды жақсарту сынды факторлар үшін өте маңызды екендігін айтты.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында өнертабыстарды және пайдалы модельдерді патенттеу рөлі жөнінде, зияткерлік меншік объектілерін сақтауды қамтамасыз ету туралы "ҰЗМИ" РМК басқармасының басшылары А.А.Казиева және Г.К. Ильясова, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ иеқұжаткері Ю.А.Балджи сөз сөйледі.

Презентация аяқталған соң барлық қалаушыларға журналға жазылу мүмкіндігі берілді.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы «Қазақстанның зияткерлік меншігі» журналының алғашқы нөмірінің басылып шыққанына 10 жыл толды. Ғылыми-практикалық журналдың беттерінде өнертапқыштар, заңгерлер, судьялар, патенттік сенім білдірілген өкілдер, кәәсіпкерлер, баспагерлер мен авторлар зияткерлік меншік саласында білікті көмек пен кеңес ала алады. Журналдың бірнеше айдары бар, олар зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесіне, сот тәжірибесіне, авторлық құқық, өнеркәсіптік меншік құқығына арналған. Бұл басылым, сонымен қатар өз оқырмандарын жаңа жобалармен, өнертапқыштық саласындағы жаңа жетістіктермен таныстырып отырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер