BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақ ПЕН клубының» жаңа лауреаттары белгілі болды

Астана, BAQ.KZ. Жыл соңында шығармашылық ұжымның жылды қорытындылаған жалпы жиналысы болып өтті. Атқарылған жұмыстарға толыққанды баға берілді, алдағы міндеттер сараланды. Клуб мүшелері толғақты ойларын ортаға салды.

«Қазақ ПЕН клубының» тікелей араласуымен және қаржылық демеушілігінің арқасында шетелден жарық көрген қазақ қаламгерлерінің шығармалары туралы пікірлері жиналғандардың көңілдерінен шықты. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын тапса деген ниеттерін білдірді. Ендігі кезекте шет тіліне аударылатын туындылар алдын ала талқылаудан өткізілетін болып шешілді.

Қоғамдық бірлестік төрағасы Б. Ғабдуллин жыл ішінде атқарылған жұмыстарға есеп берді. Есеп бірлестік мүшелері тарапынан қанағаттанарлық деп бағаланып, көпшілік дауыспен Б. Ғабдуллин төрағалыққа қайта сайланды.

Отырыстың қызығы Пен-клубтың дәстүрлі лауреаттарын анықтау еді. Алты-жеті қаламгердің шығармашылық әлеуеті, шығармаларының бүгінгі күн талаптарына сай келуі және оқырмандардың талғам-таразысынан өтуі деген секілді критерийлер жан-жақты сараланды. Қорытындысында жазушы Қуаныш ЖИЕНБАЙ мен орыс тілінде жазатын қаламгер, аудармашы Аслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ «М. Әуезов», «М. Мақатаев» медальдарымен марапатталып, сыйлықтың лауреаттары деп танылды. Әріптестерге шығармашылық табыстар тілейміз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер