BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақ пен қала» байқауының жүлдегерлері марапатталды

Астана, BAQ.KZ. Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған «Қазақ пен қала» прозалық байқауының жүлдегерлері марапатталды. Бұл байқауды республикалық «Жас Алаш» газеті мен «Алтын қалам» қоры және Қазақстан жазушылар одағымен бірлесіп ұйымдастырған болатын.

Қыркүйек айында басталған байқау қазақ прозасын қолдау, қала прозасын дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Байқауға жүзден астам автордың шығармасы қатысқан.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды "Лифт" әңгімесін жазған жас прозашы Темірхан Қылышбек алды. Екінші орын "Бейуақта ашылған құпия" хикаятының авторы Жадыра Шамұратоваға берілді. "Көнбіс" әңгімесін жазған Ырысбек Дәбейге үшінші орын тиді. Тағы жеті автор ынталандыру сыйлығына ие болды. Авторларға ақшалай жүлде табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері ауылдан келген қазақтар қалаға шоғырланып жатқанымен, қала өмірі жайлы қазақ прозасында көп жазылмаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер