BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ елі туралы жазылған кітаптар көрмесі өтті

Алматы. 13 сәуір. Baq.kz – Алматының жастары мен қоғам қайраткерлері шаһар тұрғындарын сайлауға салғырт қарамауға шақыруда. Ел ағалары тәуелсіз Қазақ елі туралы жазылған кітаптар көрмесіне ұйытқы болса, жастар қауымы сайлау болатын күнді суреттеп, флешмоб ұйымдастырды.

Бұл көрме тәуелсіз Қазақстанның сындарлы кезеңінен сыр шертеді. Кітаптарда елдің дербестік алуы, еңсесін түзеп, адымын алшаң басуы көрініс тапқан. Өткенді қаперге алғызатын "Ғасырлар тоғысында", "Сындарлы он жыл" сынды мәнді әдебиеттер.

Сол еңбектердің қалай жарияланғаны, қай кезеңдегі оқиғаға Елбасы қалай баға берді? «Нұрлы Жол» бағдарламасы, «Мәңгілік ел» идеясына біз қалай жеттік? Соны хронологиясы қалай еді? Осының өсу белестері қалай еді? Мұның бәрін осы еңбектерден көруге болады,- деді "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Кенжехан Матыжанов.

Ал, алматылық жастар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келген тұрғындарды сайлауға шақырды. 200 студент сайлау болатын 26 сәуір күнін суреттеп, орталыққа келген тұрғындар үшін топтаса би биледі. Жарты сағаттық флешмобты ұйымдастыруға бір апта уақыт кеткен.

- Біз Қазақстан азаматы болғандықтан, өз құқығымызды білуіміз керек. Осы сайлауда дауыс беріп, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Сондықтан халықты сайлауға келсін деп үгіттеп жатырмыз. 18-ге толдым. Кәмелеттік жастан астым. Өз дауысымды беремін. Мен - Қазақстанның азаматымын,- деді студент Айбек Қалмырза.

Студенттердің мұндай шараны қолға алғандығының өзіндік себебі бар. Мұндағы 200 жастың барлығы 18-ге енді толған өрендер. Олар 26 сәуір күні алғаш рет ел болашағы үшін өз таңдауларын жасамақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер