BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қайрат САҚ: Қазақ журналистикасында жанр жойылып барады

Астана. 30 маусым. BAQ.KZ – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Өмірбайұлының пікірі осындай.  

«Елімізде басқа саланың мамандары журналистикада жүруі жетістік емес, керісінше кемшілік деп білемін. Себебі, кез-келген салада кәсіби маман жүрмесе, ол саланың жұмысы ақсайды. Кәсіби журналист сапалы өнім шығарады. Сонда ғана бәсекеге қабілеттілік артады. Қазір БАҚ-та тарихшылар да, аграрлар да, әртістер де жүр. Олар БАҚ технологиясын, техникасын білсек жұмыс істеп кете береміз деп ойлайтын шығар. Бірақ, журналистиканың функциясын, жауапкершілігін, жанрларын, тілі мен стилін, олардың ерекшеліктерін терең білмей, қалай журналист болып жүргеніне таң қаламын»,-деген профессор БАҚ сапасын арттырудың тағы бір жолын жанрмен де байланыстырды.
«Кез-келген маман иесінің журналист болуынан бұқаралық ақпарат құралдарында жанр деген жойылды. Қойыртпақ дүниелер көбейіп барады. Әр жанрдың өзінің функциясы, ерекшелігі бар. Жанрлардың көп болуы БАҚ-тың шырайын келтіреді. Оқырмандар мен көрермен, тыңдаушылардың қызығушылығын арттырады. Жанрлардың жұтаңдығы БАҚ-тың тартымдылығына айтарлықтай нұқсан келтіреді. Кезінде Шерхан Мұртаза сияқты мықты редакторларымыз газеттің әр нөмірінде барлық жанрлардың қамтылғанын қадағалап отыратын еді. Қазіргі кезде айта берсек, жаза берсек болды ғой деген қағида қалыптасып келе жатқан сияқты. Ол журналистикаға зиянын тигізіп жатқан бірден-бір фактор. Жанрларды ажыратып қана қоймай, оларды сәтті қолданып, ерекшеліктеріне сай материалдар берсе, БАҚ-тың сапасы артады»,-дейді ол.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер