BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Интернетті пайдалану үшін білімді, ұлтжанды болу керек

Астана. 30 маусым. BAQ.KZ – Қоғамда интернет журналистиканың баспасөзді түбегейлі ауыстыратын уақыты жақындап келеді деген пікір бар. Алайда, журналистиканың майталмандары бұл пікірге қарсы.  

Болат КӨМЕК, академик:
– Интернетті пайдалану үшін адам білімді, ұлтжанды болуы керек. Өйткені интернеттің ішінде неше түрлі мағлұматтар жатыр. Соның жақсы-жаманын жұртшылық айыра білуі үшін журналистің рөлі ерекше.


Қайрат САҚ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы:

– Қазіргі уақытта баспасөздің керегі жоқ деген де пікір туа бастады. Шындығына келсек, мұндай көзқарас өткен ғасырда-ақ бастау алған. Телеарна шыққан кезде газет-журналдың күні қараң дегенді айтушылар болған еді. Одан бері бір ғасырға жуық уақыт өтті. Оның бәрі құр сәуегейлік екенін өмір өзі дәлелдеп берді. Дәл қазір интернет журналистиканың отаны саналатын Американың өзінде дәстүрлі баспасөз бұрынғыша жұмысын жалғастырып жатыр. Олардың өзінде интернет журналистика баспасөзді алмастыра алған жоқ. Өйткені екеуінің қызметі екі бөлек. Бұлар қоғамда қатар әрі бәсекелес өмір сүре алатынын көрсетті. сол жағдайды терең түсінбей, қазір газет-журналдарды жауып, оның орнына онлайн басылымдар шығару керек деген қиялға ерік бере бастаған секілдіміз.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер