BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Интернет-конференция: Ұлықбек Есдәулет

 Астана. 29 сәуір. Baq.kz – Бүгін Ұлықбек Есдәулеттің туған күні! «Әдебиет порталы» интернет- жобасы ақынның мерейтойымен құттықтай отырып, интернет-конференциясиясын ұйымдастырып отыр.

 Көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет - 1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша, Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін әдебиетші мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Қанат қақты», «Көздеріңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы күні», «Ақ керуен», «Жаратылыс», «Жүректегі жарылыстар», «Заман-ай», «Киіз кітап», «Әбілхаят» кітаптарының авторы.
Алпыстың асқарына шыққан ақынды мерейтойымен құттықтап, көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызды жолдауларыңызға болады. Сондай-ақ, ақынның жеке көзқарасы, ақынның жеке өмірі мен шығармашылығы жайында білгіңіз келсе, сұрақтарыңызды жолдаңыздар. Сұрақ - Сіздерден, жауап - Ұлықбек Есдәулеттен. Ендеше, мархабат...

Сұрақ қою үшін осы сілтемеге өтіңіз


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер