BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Фариза ақынды еске алуға арналған байқаудың жеңімпаздары марапатталды (ВИДЕО)

 АСТАНА. 25 желтоқсан. BAQ.KZ – Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Әдебиет порталы» интернет-жобасына 1 жыл толуына орай есеп беру кеші және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы – Фариза Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І республикалық интернет-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 «Әдебиет – қоғам өмірінің айнасы. Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы. «Әдебиет порталы» 1 жылдың ішінде бірқатар ірі шараларды қолға алып, бірнеше әдеби байқауларды ұйымдастырып келеді.
Интернет желісіндегі өз бағыты айқындаған бұл бірегей жоба 1 жыл ішінде – қазақ елінің мәдени, тарихи және әдеби мұрасына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі интернетті белсенді пайдаланатын көзіқарақты оқырман қауымның басын біріктіретін онлайн әдеби ортаға айналды», - дейді порталдың бас редакторы Бауыржан Қарағызұлы.
Марапаттау рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, елордалық ақын-жазушылар, әдебиет сүйер жастар, байқау қатысушылары мен жеңімпаздары қатысты. Назарларыңызға жүлделі орынға ие болған қатысушылардың жұмыстарын ұсынамыз:

БАС ЖҮЛДЕ

 "Жетімнің монологы". Өлеңді оқыған: Назерке Өрқара

 

 

І орын: "Бөрілі" Өлеңді оқыған: Рауан Оқасов

 

 

ІІ орын: "Қыз сөзі" Өлеңді оқыған: Ақелік Мұрат
 

 

 

ІІІ орын: "Кеттің" Өлеңді оқыған: Әлия Іңкәрбек
 

 

 

 
 Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер