BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕҰУ-нің Е-кітапханасы әлемнің үздік электрондық репозиторий қорына кірді (ФОТО)

Астана. 13 тамыз. Baq.kz – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ғылыми Е-кітапханасы әлемнің үздік 500 электрондық репозиторий қорына кірді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жуырда испандық Laboratorio de Internet зерттеу лабораториясы жариялаған Webometrics Ranking of World Repositories рейтингісінің нәтижесіне сәйкес Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің электрондық ғылыми кітапханасы әлемнің үздік 500 электрондық репозиторий қорына кірді.

2014 жылдың қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің репозиторий қоры Қазақстан бойынша Webometrics Ranking of World Repositories рейтингісінде 1 451-ші орыннан көрініп, көш бастады. Жарты жыл уақыт өткеннен соң 976 сатыға көтеріліп тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Сөйтіп ғылыми е-кітапханамыз аталмыш рейтингтің үздік 500 тобына енді және қазақстандық электрондық репозиторий қоры арасында І орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, Webometrics Ranking of World Repositories жылына екі рет шығады – қаңтар мен шілдеде. Рейтингтің мақсаты – өздерінің сайттарындағы зерттеу нәтижелерін жариялау есебінде бүкіл әлемнің ғалымдарымен ақпарат алмасуға жағдай жасау. Биыл шілде айындағы Webometrics Ranking of World Repositories рейтингісіне 1 983 электрондық ғылыми кітапхана қатысқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер