BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еркін Байғабылұлы: Отандық телекеңістікке өзге елден 1-2 арна ғана енгізуіміз керек

Астана. 27 маусым. BAQ.KZ – «Отандық БАҚ саласындағы өзекті мәселелердің бірегейі – ақпараттық қауіпсіздік жайы». Бұл туралы бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Әлемдік ақпараттық кеңістік: Қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігі» атты дөңгелек үстел отырысы кезінде тележурналист Еркін Байғабылұлы айтты, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

«Қазір қазақстандық телеарналардағы белгілі кабельді телеарналардың барлығында отандық телекомпаниядан гөрі ресейлік арналардың саны көп. Бұл еліміздің телевизия саласын дамытуға жан-жақты тұсау болуда. Осы кедергілердің себебінен біз ең алдымен, өз көрермендерімізден айырылсақ, бір жағынан кабельдік жүйедегі Ресей телеарналары қазақстандық телекомпанияларды жарнама нарығынан толықтай ысырып тастады. Сондай-ақ, Қазақстандағы кабельді телевизия ресейлік арналарды өз пакеттеріне көп енгізу арқылы, басқа елдің идеологиялық насихат құралына автоматты түрде айналып отыр. Осылай біз Ресей арналарына отандық телекеңістігімізде тым еркіндік беру арқылы өз телевизиямыздың дамуына кедергі жасап отырмыз»,-деген пікірін ортаға салған тележурналист осы мәселе төңірегіндегі ұсыныстарын да жеткізді.
«Алдағы уақытта еліміз ақпараттық қауіпсіздікті қамтамсыз етуі тиіс. Мемлекеттік құзіретті органдар отандық кабельді арналардың пакеттерін реттеуді жүйелі түрде қолға алуы керек деп есептеймін. Тепе-теңдікті сақтау үшін жалпы пакетте әр елден бір немесе екі арнадан ғана енгізу талабын қоятын кез келді»,-деді Еркін Байғабылұлы.

 

Майгүл СҰЛТАН,
Бауыржан ЖУАСБАЕВ (ФОТО) 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер