BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Джон Кастлдың Орынбор экспедициясы жайындағы күнделігі жарық көреді

Астана. 20 мамыр. Baq.kz – Ұлыбританияда Қазақстанның Ресей империясына қосылған уақытында Әбілқайыр ханмен келіссөз жүргізген пруссиялық саяхатшы Джон Кастлдың күнделігі кітап болып шығарылмақшы, - бұл жайында Британ-Қазақ қауымдастығының басшысы Гаухар Брамлей-Фентон мәлімдеді.

Ол қауымдастықтың Әбілқайыр хан жайындағы кітаптың жарық көруіне үлкен үлесін қосқандығын айтып: «Қазақстан туралы еңбектер, әсіресе елдің тарихын бейнелейтін түпнұсқалар көптеген уақыт толық зерттелмей жатты. Британ-Қазақстан қауымдастығы британиялық мамандардың бұл саладағы қызығушылығын жан-жақты қолдауда», - дейді.


Джон Кастлдың күнделігінің авторы тәуелсіз британиялық зерттеуші Беатрис Тиезие. Кітап негізі неміс тілінде жазылған дейді. Кітапта 1734 жылғы Орынбор экспедияциясы жайында айтылған. Бұл экспедицияның мақсаты – Орынбор қаласын құру, қазақ және башқұрт көшпенділерінің шекарасына башқұрттардың көтерілісін басу мен көшпенділер арасындағы сауда-саттықты кеңейту үшін бекініс салу болған. Құжаттарға сүйенсек, Әбілқайыр хан келіссөз жүргізген саяхатшы Ресей империясының атынан сөйлеген. Еуропалық аудармашының көмегіне жүгінген. «Күнделік сол уақыттаң қиын саясаты, этнографиясы, географиясы және Қазақстанның қазба байлықтары және олардың Ресей империясымен қиын қарым-қатынасын баяндайды», - деп атап өтті.


Кітапқа Кастлдың бірегей сызбалары да кірген. Саясхатшының биографиясы жайында ақпарат өте аз екендігін айта кеткен жөн. Түрлі дереккөздер бойынша ол Гамбургте әскери отбасында дүниеге келген жартылай прусс, жартылай ағылшын болған. Қазақстанға жасаған саяхаты туралы жазбаларын ол Санкт-Петербурда таныстырып, артынан Персияға жол жүріп кеткен. Әбілқайыр хан еуропалықтың көзімен суреттелген кітап үстіміздегі жылдың 2014 жылы жарық көреді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер