BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Біздің ғасыр» ақындарының кеші өтеді

 АСТАНА. 15 сәуір. BAQ.KZ – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен ақын, сазгер Біржан сал Қожағұлұлының 180 жылдығы мен қазақ әдебиетінің классик жазушысы Бейімбет Майлиннің 120 жылдығы аясында жас ақындардың «Біздің ғасыр» атты кеші өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Кеште халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаттары, ақын Мирас Асанның «Бекзат», ақын-жазушы Алмаз Мырзахметтің «Ханшайым», республикалық М.Мақатаев атындағы мүшәйраның лауреаттары Қуаныш Медеубаевтың «Қара жәшік», Рауан Қабилдолдиннің «Ақ қайың болсын есімің . . .» атты кітаптарының тұсаукесері өтеді.
Тұсаукесер рәсімі 21 сәуір күні облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында болады.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер