BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аудандық газетке жасалған көмекке алғысымыз шексіз

Астана. 2 тамыз. Baq.kz – «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2017 жылға дейін баспа БАҚ-тың Интернетке көшуі қарастырылған. Бұл жағынан келгенде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр десек болады. Қостанай облысы Тайынша ауданының «құлағы, көзі, һәм тілі» бола білген «Тайынша таңы» газеті сол мемлекеттік бағдарлама аясында Интернет нұсқасын оқырман назырына ұсынып отыр. Жаңа медиа талаптарына сай жұмысты қолға алған аудандық газет тағы бір түлеп, көпшіліктің көз айымына айналды. Назарларыңызға «Тайынша таңы» газеті интернет-редакциясының редакторы Айгүл Тәшетованың редакция реформасы туралы пікірін беріп отырмыз.

Жаһандық Ғаламтор жүйесі бүгінгі заманда басылым мен оқырман арасындағы байланысты одан сайын арттыра түсті десек қателеспеспіз. «Тайынша таңы» қоғамдық-саяси газетінің де ресми сайты өз жұмысын сәтті атқарып келеді. Тіпті, жарияланған әр мақаланың астында пікір жазып, оқырман редакция жұмысына қызу араласа бастады.

www.taynshatany.kz қазір өз аудиториясын жинап келеді. Осы орайда, ең алдымен «Қазконтент» АҚ-на алғысымыз шексіз. Бүгінде бұл компания «Баспа БАҚ-тың интернетке көшуі» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өңір-өңірлердегі баспа газеттердің Интернет нұсқаларын жасап беріп, Қазақстандағы интернет ресурстардың дамуына зор үлес қосты. Мұны айтып отырған себебім, сол жоба арқылы біздің аудандық газеттің интернет әлемге жол ашуына мұрындық болды.

Газеттің ресми сайты пайда болғаннан бастап, редакция мен оқырман арасындағы байланыс түрі елеулі өзгеріске ұшарады. Мәселен, газет бетінде жарық көрген материалдарға оқырман лезде үн қатып, пікір білдіреді. Бүгінгі таңда оқырман назары түскен мақалаға қатысты өз ойын білдіру үшін хат жазып, оны конвертке салып, жақын арадағы пошта бөлімшесін іздеп жатпайды. Біз редакция тарапынан әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Одан байқағанымыз, «Тайынша таңы» газеті мектеп жасындағы жасөспірімдерден бастап, алпыстан асқан ақсақалдар арасында үлкен сұранысқа ие, ауданда беделді әрі жаңашыл басылым деп бағаланып, газеттің негізгі аудитоиясының елу пайызы газеттің интернет нұсқасын оқиды екен.

Газетіміздің сайты безендірудің соңғы үлгілері мен навигациялық қолайлы жүйемен жабдықталған, жеңіл де тартымды интерфейс сайтты бұрынғысынан едәуір жақсарып, оқырманға жақындай түсті.

Тағы бір айта кететіні, газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар, еркін тақырыптарда да оқырман үшін мақалалар жаияралай аламыз.

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарындағы дәстүрлі газет беттерін Интернет нұсқасына көшіру жобасы интернет тұтынушылары тарапынан өзінің оң бағасын алып отыр. Елбасының «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру міндеттелген. Меніңше, Тайынша іспеттес шағын қалалар мен кең байтақ мемлекетіміздің ауылдық елді-мекендерінде интернет ресурстарын дамыту және жетілдіру осы жобаның бір маңызды тетігі деп білемін. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер