BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада республикалық мүшәйра өтеді

Астана, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры өзінің 20 жылдық мерейтойына орай, «Би – сезімнің поэзиясы» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды. Бұл туралы «Наз» мемлекеттік би театрының баспасөз қызметі.

Ережесі: Қатысуға үміткер ақынды 2018 жылдың 7 қарашасында сағат 19:00 Астана қаласындағы «Жастар» театрына шақырамыз. Бұл күні «Наз» мемлекеттік би театры XXI «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастардың фестивалі және Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы аясында «Астана – елімнің жүрегі!» атты концерттік бағдарламаны ұсынады.

Концертте ақындар театрдың толық репертуарын тамашалап көреді. Және ақындарға 10 желтоқсанға дейін уақыт беріледі. «Би-ол қимыл, ал қимыл-ол өмiр» демей ме?! Концертті тамашалай отырып, ақындарға алған әсерін, жалпы би өнеріне деген көзқарасын, ішкі сезімін өлеңмен өруге мүмкіндік береміз. Шабыт иелері ой өрнектерін, би әлеміне деген көзқарастарын, өз қолтаңбаларын қалдырса дейміз. Үздік деген өлеңдер топтамасы 2019 жылы жарық көретін «Наз» театрының тарихы жазылған кітапқа енеді.

Концертімізге келмесе де театр тарихын білетін ақындар да қатыса алады. Жалпы, театр туралы ақпаратты әлеуметтік желілердегі парақшарыларымыздан және театр сайтынан http://teatrnaz.kz біле алады.

Мақсаты: Ұлттық билеріміздің мәртебесін көтеру, би өнерінің халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде алатын орнын анықтау, халық шығармашылығын насихаттау.

Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:

Жыр додасына қатысатын ақындар өлеңдерін TimesNewRoman шрифтімен (14 рt), 1 аралық интервалмен, Word мәтіндік редакторында теріліп, NAZ_mushaira@mail.ru электронды мекенжайына 1 желтоқсанға дейін жолдануы тиіс. Сонымен қатар автор туралы ақпарат бөлек файлда ұсынылады, мұнда қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызметі, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекен-жайы, электронды поштасының мекенжайы, телефондары (жұмыс, ұялы), қысқаша шығармашылық өмірбаяны жіберілуі тиіс.

Мүшәйра жеңімпаздары арнайы диплом және сыйақымен марапатталады.

I орын біреу – 300 000 теңге;
II орын біреу ––200 000 теңге;
III орын үшеу – 100 000 теңге;

Театрдың арнайы сыйлығы – 3 ақынға беріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер