Ел Президентінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Елдомыздың 20 жылдық мерейтойы аясында 3 қазан күні ҚР Ұлттық Музейінде республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, "Жас дәурен" жыр жинағының авторы, ұстаз, бүгінгі таңда Ішкі істер органдарының қызметкері Өмірбек Бекмұраттың "Қазақтың жыры - мұратым!"атты әдеби-сазды кеші өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Кеш барасында "Шабыт" өнер университетінің студентері мен мектеп оқушылары өнер көрсетеді. Сонымен қоса, ақынның сөзіне жазылған жаңа әндер орындалып, "Қазақтың жыры - мұратым!" атты жыр кітабының тұсаукесері өтеді.
Кешке белгілі ақын-жазушылар Алмахан Мұхаметқалиқызы, Дәулеткерей Кәпіұлы, Махат Садық, Бауыржан Қарағызұлы, Қанат Жүнісов, Ербол Бейілхан, әнші-сазгер Марат Омаров, Ибрагим Ескендір, Жәнібек Боранбаев, Қанат Едресов, Жұмағазы Какимжанов сынды өнер майталмандар қатысады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!