BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада "Қазақтың жыры - мұратым!" атты әдеби-сазды кеші өтті

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Елдомыздың 20 жылдық мерейтойы аясында ҚР Ұлттық Музейінде республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, "Жас дәурен" жыр жинағының авторы, ұстаз, бүгінгі таңда Ішкі істер органдарының қызметкері Өмірбек Бекмұраттың "Қазақтың жыры - мұратым!" атты әдеби-сазды кеші өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кеш барасында студенттер мен оқушылар жас ақынның лирикалық-патриоттық тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, ақынның сөзіне жазылған бірнеше әндер орындалды.

Кеш қонақтары әнші-сазгер Ибрагим Ескендір, Жәнібек Боранбаев ақынды шығармашылық кешімен құттықтап, рухты әндерін өнер сүйер қауымға паш етті.

Бұдан бөлек Сәкенов Алтынбек, Сабырова Ақбота, Манат Нұртай, Талант Мәжіт өнер көрсетті. Белгілі ақын Алмахан Мұхаметқалиқызы бастаған қаламгерлер Бекмұраттың "Қазақтың жыры - мұратым" жыр жинағының тұсауын кесіп, қазақтың салтымен шашу шашты.

Жұлдыз Тойбек, Айжан Тәбарак, Ажар Ерболған, Әбу-Асқар Мекешұлы Бекмұраттың бетбұрысы, сырлы да өрелі жырлары туралы сөз қозғап, шығармалық табыс тіледі.

Кеш тізгінін ұстаған Ербол Бейілхан Бекмұраттың оқушы-студент кезінен қоғамдық шараларға өте белсенді араласып, ақындық талантымен замандастарынан оза шапқан өрелілігін сөз етті.

"Бекмұрат Өмірбек ЖОО бітіріп, өзін мұғалім, педагог-ұйымдастырушылығымен қатар, жүргізуші, сценарист, асаба ретінден көпшілікке таныта білді. Сонымен қатар өлең өлкесінде шыншыл азамат. Жаны жайсаң жігіт екенін айтқым келеді" - деді Ербол Бейілхан.

Сондай-ақ, шығармашылық кеште Бекмұрат Өмірбектің сөзіне жазылған Берік Исмановтың "Не сұрайды? " әнінің тұсауы кесілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер