BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада кітап және поэзия мерекесі өтеді

АСТАНА. 4 маусым. BAQ.KZ – 6 шілде Абай ескерткіші алаңында Астананың 16 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел - Қазақ Елінің Ұлттық болашағы» атты кітап және поэзия мерекесі өтеді.

Кітап және поэзия мерекесі қала тұрғындарының түрлі топтарының қызығушылығын оятуға, балалардың кітап оқу құлшынысын арттыруға, мүмкіндігі шектеулі балаларды қатыстыруға бағытталған шаралар кешені ретінде ұйымдастырылуда.
 
Мерекенің басты идеясы оқуға ұмтылдыру ғана емес, балалар мен жасөспірімдердің саналы түрде кітап оқуға деген құлшынысын ояту, балалар ортасында кітап оқу мәртебесін арттыру, сурет, фото, тақпақ арқылы балалардың интеллектуалды-шығармашылық әлеуеті мен қабілетін ашу, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру болып табылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер