BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада алғаш рет жасөспірімдерге арналған журнал жарық көреді

Астана. 4 шілде. Baq.kz – Астана күні қарсаңында қазақ мерзімдік басылымдарының қатары жасөспірімдерге арналған журналмен толықпақ. 

Журналдың негізгі бағыты – еркін ойлы, танымы терең, мақсатынан қайтпайтын, өз ұлтын сүйетін, өрелі, таймас талантты жастардың жұлдызын жарқырату болып табылады. Сондай-ақ, журнал ұжымы еліміздің түкпір-түкпіріндегі арманы асқақ, рухы биік, айтқанынан айнымас, туралықтан таймас тапқыр жастардың басын қосатын ақпарат кеңістік құруды да жоспарлап отыр. Сондықтан журналдың атын «Таймас» деп атағанды жөн санадық дейді жоба авторлары!

Жаңа басылымның тұсаукесері 9 шілде күні өтеді. Салтанатты шара барысында шоу-бағдарламалар ұйымдастырылып, оған БАҚ өкілдерімен қатар, Парламент депутаттары, білім және мәдениет басқармаларының басшылары, халықаралық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарынан құрметті қонақтар қатысады деп күтілуде. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер