BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Алтын қалам - 2014" әдеби байқауы басталды

Астана. 21 сәуір. Baq.kz -Бүгін сағат 15:00 Қазақстандық Баспасөз клубында өтетін баспасөз маслихатында «Алтын қалам - 2014» әдеби жүлдесіне жұмыстарды қабылдау басталады деп хабарлайды Baq.kz тілшісі  

Жүлденің мақсаты – заманауи авторлардың шығармаларына оқырманның назарын аудару, қазақстандық заманауи әдебиетті дамыту.

«Алтын қалам» үшінші рет келесі номинацияларда өткізіледі:

1.​ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ

2.​ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ

3.​ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ДРАМАТУРГИЯСЫ

4.​ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ШЫҒАРМАСЫ

5.​ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН

Барлық жұмыс abai.kz сайтында орналастырылады. Жүлдегерлер сайт оқырмандарының үздік шығарманы таңдауы арқылы анықталады. Оқырмандар лайықты әдеби туындыға 2014 жылдың 1 маусымына дейін дауыс береді. Кез келген адам танымалдылығына, кәсіби дайындығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне, мекен-жайына және т.б жағдайларға қарамастан жүлдеге қатысуға құқылы. Қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған шығармаларды ұйымдастыру комитетінің adebiet2014@gmal.com электронды мекен-жайына жіберуге болады. Әдеби жүлденің қорытындысы 2014 жылдың маусым айында жарияланады.

Ұйымдастырушылар: Қуат Домбай, Кенже Жұманұлы, Расұл Жұмалы және Досым Сәтпаев

«КАЗКОММЕРЦ БАНК», «SAMSUNG» және «COCA COLA» компаниялардың қолдуымен 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер