BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.44 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Алматыда модернист-жазушының 80 жылдығы атап өтілді

Астана, BAQ.KZ. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жазушы, сыншы-драматург Асқар Сүлейменовке арналған салтанатты еске алу кеші өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Еліміздің мәденитінің тарихи қарашаңырағы саналатын өнер ордасында жазушының шығармашылығын сүйіп оқитын оқырмандары, пікірлес, серіктестері және жастар жиналды. Көрермендер оның туындыларынан үзінділерді, жеке орындауындағы туындыларды, кинофильмдер фрагменттерін асқан ықыласпен тыңдады. Еске алу кешінің жүргізушісі, режиссёр әрі қоюшысы режиссер, сценарист, әртіс, тележурналист, продюсер, музыкант Али Шер Сүлеймен болды.

«Бүгін біздің рухани ой еркіндігімізге, қазіргі таңда көзіміздің қарашығындай сақтап отырған Тәуелсіздігімізге жарық сыйлап келген және өнегелі өмірлерімен біздерге үлгі боларлық 60-жылдардың ұрпақтары отыр. 60-жылдардың тұлғаларына өнегелі қағидаларға негізделген тәрбие үшін алғыс айтқым келеді. Бұл өз кезегінде біздің елдегі жоғары мәдениеттіліктің, тәуелсіздіктің берік тұғырлығына әсер етті» - деп атап өтті Али Шер Сүлеймен.

Өткен ғасырдың ортасында жазушы-модернші Асқар Сүлейменов өз шығармашылығымен замандастарына үлкен әсер етті. Оның әдебиеті бостандыққа, тарихи тамырларды, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтап қалуға шақырды. Асқар Сүлейменовтың қалдырған мұрасында көптеген аудармалар бар. Оның еңбектерінің арқасында қазақтілді оқырмандар Эрнест Хемингуэй, Михаил Булгаков, Бертольд Брехт шығармаларымен таныса алды. Қазақстанның заманауи қазақ әдебиеті мен өнерін Асқар Сүлейменовтің шығармашылығынсыз елестету қиын.

Сондай-ақ, Али Шер Сүлеймен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтен келген құттықтау хаттарын оқып берді. Сахнаға Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры А. Қалиева, қызы Қ. Сүлейменова, Д. Жолжақсынов, жақындары мен туыстары, сондай-ақ Мұрат Әуезов, Өмірзақ Айтбаев, Ғаділбек Шалахметов шығып сөз сөйледі.

Кеш Асқар Сүлейменовтің сүйікті туындыларына негізделген концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисті Зарина Алтынбаева өнер көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер