BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда «KitapFest» кітаптар фестивалі өтеді

Астана. 15 тамыз. Baq.kz – 16 тамыз Алматыда «KitapFest» кітаптар фестивалі өтеді.

Ғылым академиясы жаныңдағы алаңда өтетін фестивальге Әбдіжәміл Нүрпейсов, Дастан Қадыржанов, Аян Құдайқұлов, Аджиджиро Кумано, Зира Наурызбаева және Павел Банников сынды жазушылар мен ақындар қатысады.
Фестиваль қонақтары отандық кітаптарды 15 пайызға арзандатылған бағамен сатып алуға мүмкіндіктері болады. Бұл күні алматылық онға жуық баспаханалар мен кітап дүкендері өз өнімдерін халыққа ұсынады.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, әдебиеттің мәртебесін жоғарылату және халықтың оқуға деген ынтасын көтермелеуге арналған.
Айта кетейік, 2014 жылы Алматы ТДМ-нің мәдени астанасы атанған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер