BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда «Қазақ хандары» кітабының тұсауы кесілді

Астана. 10 маусым. BAQ.kz - Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне Алматыда үш тілде «Қазақ хандары» тарихи-танымдық кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Қалың көпшілікке жол тартып отырған тарихи кітаптың авторы – ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Берекет Кәрібаев.  

«Бұл кітапта біздің мемлекетіміздің тарихы, қазақ хандары туралы баяндалған. Қазір тіпті студенттердің де ұзын әрі күрделі тілмен жазылған ғылыми монографияларды оқуға, байыбына баруға уақыттары жоқ. Сондықтан бұл кітапта Қазақ хандығының тарихы қысқаша әрі баршаға ұғынықты тілде жазылған. Тарихты зерттеу ісіне жастарды тартуда мұның маңызы өте зор. Кітаптың қызықты етіп жазылғаны соншалық, бір бетін оқып шыққан оқырманның одан әрі қызығушылығы арта түседі», - деп атап өтті ҚР ҰҒА құрметті академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков.

Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шықты.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер