BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әдебиет және өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды

 АСТАНА. 20 маусым. BAQ.KZ - Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығар­малардың тізімін ұсынады:

 Әдебиет секциясы бойынша

Жайлыбай Ғалым - ақын. «Тобылғыжарған» өлеңдер, толғау және поэмалар. Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған.

Мұханбетқалиұлы Қажығали - жазушы. «Тар кезең» тарихи романы. Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған.

Оралбаев Өтеген Оралбайұлы - ақын. «Қағбаның қарлығаштары» жыр жинағы. Астана қаласының әкімдігі ұсынған.

Салықбаева Гүлнар - ақын. «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы. «Президент және халық» респуб­ликалық қоғамдық-саяси газеті ұсынған.

 

 

 

Музыка, театр және кино секциясы бойынша

Дүйсекеев Кеңес - композитор. 2009-2013 жылдары жазылған шығармалары (12 ән). Қазақ ұлттық өнер университеті ұсынған.

Кесоглу Пантелей (Лаки) Константинович - әнші. «Песня душа моя» атты жеке концерті. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұсынған.

Қыдырбек Балнұр Балға­бек­қызы - композитор. «Реквием» вокалды-симфониялық шығарма. «Қазақстан композиторлар қауым­дастығы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Теменов Талғат Досымғалиұлы - ре­жиссер. М.Әуезов «Ай-Қара­гөз...» спектаклі (қоюшы-режиссер). Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы ұсынған.

 

 


Бейнелеу өнері және сәулет секциясы бойынша

Досмағамбетов Дәурен Төле­генұлы - сәулетші. Қарағанды қала­сындағы Қ.Сәтбаевқа ескерткіш. Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Қарағанды суретшілер одағы, халықаралық Қ.И. Сәтбаев қоры ұсынған.

Авторлық ұжым: Есім Ахмет­жан Смағұлұлы, Әбілдә Төлеген Сыздықұлы, Рүстембеков Ақмырза Исаұлы, Ешкенов Ғазиз Ақзамұлы, Күлбаев Мұратбек - Алматы қаласының метрополитені. Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы ұсынған.

Авторлық ұжым: Мырзахметов Асқар Исабекұлы, Әшірбаев Бақытжан Құдайбергенұлы, Рус­­­тамов Насир Ачилович, Шүменов Әмірхан Бекжанұлы, Бөкебаев Нұрлыжан Маратбекұлы - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені. Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы ұсынған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер