BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«100 жаңа есім» жеңімпазы Қуаныш Жұмабектің қазақ және ағылшын тілдерінде екі кітабы жарық көрді Эксклюзив

Ғалым, полиглот, аудармашы, докторант, Елбасының «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Қуаныш Жұмабек Baq.kz тілшісімен жаңалығымен бөлісті. Жуырда оның қазақ және ағылшын тілдерінде екі кітабы жарық көрген екен.

«Үлкен бір жаңалық, 3-4 күн бұрын семейлік кəсіпкер Айдар Ғали-Арыстанұлы демеушілік жасап, аталмыш қаладағы «Zhardem» баспасынан ғалым, полиглот, аудармашы, докторант Самал Жұмабек, яғни, əйелім екеуіміздің бірігіп жазған бір емес, екі кітабымызды шығарып берді. Толығырақ айтсам, п.ғ.д., профессор Жарқын Сүлейменованың алғы сөзімен «Тапқыр бала» атты қазақ жəне ағылшын тілдеріндегі ертегілер жинағы мен «Қазақша-Ағылшынша сөздік» жарық көрді. Бұл кітаптарымыз мың-мың данамен шығарылды», - деп бөлісті Қуаныш Жұмабек.

Сондай-ақ, ғалым жақында «Ағылшынша сөйлеп үйренейік» атты оқулығының жаңа мұқабамен қайта жарық көретінін айтты. Бұдан бөлек, Қуаныш Жұмабек «Абай жолы» роман-эпопеясын ағылшын тіліне аударып шығуды армандайтынын жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер