«Еуразия» университетінің Ғылыми кеңесі жыл қорытындысын шығарды
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Еуразия» университетінің Ғылыми кеңесі жыл қорытындысын шығарды

 Ғылыми кеңестің отырысы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Теориялық физиканың халықаралық орталығының директоры, жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі Ратбай Мырзақұловты құттықтаудан басталды. «Алдыңғы күні бізге жағымды жаңалық келіп түсті, профессор Р.Мырзақұлов Springer басылымының мамандандырылған рейтингті ғылыми журналдарында саны жағынан ең көп жарияланған ғылыми мақалалары, ең жоғары Хирш және сілтеме индексі үшін Орталық Азия бойынша «Top Springer Author 2015» сыйлығының алғашқы лауреаты атанды», - деп атап өтті өз сөзінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Р.Мырзақұловты құттықтау үшін Ғылыми кеңеске келген құрметті қонақтардың қатарында болды: академик, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің және І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің (1998-2001 жж.) бұрынғы ректоры (2001-2008 жж.) Т.Ә. Қожамқұлов, академик, ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары А.Қ. Төлешев, ҚР ҰИА академигі, ҚазҰЖҒА академигі, ҚР Ұлттық ғылымдар академиясының академигі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры К.К. Кенжебаев, ҚР Парламентінің депутаты Е.Ө. Бектұрғанов, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Астрофизика институтының құрметті директоры Л.М. Чечин, Ираннын шақырылған профессор Момени Давуд, Италиядан шақырылған профессор Себастиани Лоренцо.
Мұнымен қоса, Ғылыми кеңес мүшелері ЕҰУ-дің басқа да ғалымдарын құттықтады. Атап айтқанда, халықаралық қатынастар факультетінің деканы Баубек Сомжүрек Испания Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты дипломатиялық және мәдени келісімді дамытуға үлкен үлес қосқаны үшін Қазақстандағы Испания Елшілігінің алғыс хатымен марапатталды. Журналистика және саясаттану факультетінің оқытушылары Серік Тахан мен Оңайгүл Тұржан биыл 60 жасқа толды. Сондай-ақ, Ғылыми кеңесте Еуразия ұлттық университетінің жас ғалымдарының жетістіктері де назардан тыс қалмады.

Ғылыми кеңес отырысының ресми бөлігі оқу ісі жөніндегі проректор Еркін Оңғарбаевтың «2014-2015 оқу жылындағы жазғы емтихан сессия сының қорытындылары» атты баяндамасынан бастау алды.
кадемиялық күнтізбеге сәйкес негізгі емтихан сессиясы 2015 жылдың 4-23 мамыр аралығында өтті, 1-13 маусым аралығында 1 курс магистратура мен докторантурада өтті. Проректор өз баяндамасында факультеттердегі сессия қорытындысы, тапсырған емтихандар қорытындысы туралы мәліметтермен бөлісіп, «Алтын белгі» төсбелгі иегерлеріне баса назар аударды.
Талдау көрсеткендей, компьютерлік тестілеу түрінде өткен емтихандардың жалпы үлесі 26,5 пайызды құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға азайған.

Ауызша емтихандар барлық факультеттерде өтеді, Еркін Әнуарұлының айтуынша, емтиханның аталмыш түрі сапалырақ болып саналады.

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, жалпы университет бойынша былтырғы оқу жылымен салыстырғанда сол деңгейде, үлгерімі де жақсы.

Ғылыми кеңесте қаралған басқа да мәселелер:

• Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен магистранттарын ҚР Президентінің және атаулы стипендияларын тағайындауға ұсыну;
• Назарбаев стипендиясын тағайындауға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттарының кандидатураларынбекіту;
• 6М072900 - «Құрылыс» мамандығы бойынша магистранттарды даярлау үшін келесі мамандандыруларды ашу: «Жылумен, газбен қамтамасыз ету және желдету», «Сумен қамтамасыз ету және кәріздендіру»;

• Орал федералды университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бірлескен қос дипломды (Doubl e Mojor) білім беруге 6М072900 - «Құрылыс» мамандығы бойынша «Жылумен, газбен қамтамасыз ету және желдету», «Сумен қамтамасыз ету және кәріздендіру» атты мамандандырылуына арналған Оқу жұмыс жоспарын бекіту туралы;
• Университеттің профессор-оқытушылар құрамының еңбектерін ашық баспаға ұсыну туралы және басқа да мәселелер.

Пікірлер