Ел бірлігі – елдіктің бастауы
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ел бірлігі – елдіктің бастауы

Конференцияда университет ректоры Е.Сыдықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант А.Тасболатов, Қазақстан халқы Ассамблясы төрағасының бірінші орынбасары, ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі А.Башмаков, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор Д.Қамзабекұлы, PhD докторы Х.Маслов, «Нұр Отан» партиясы «Нұр» филиалының жауапты қызметкері А.Оралов сөз сөйлеп, баяндама жасады.

Конференция соңында университет оқытушылары мен студенттері 2015 жылы 25 ақпандағы Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын кезектен тыс өткізу туралы шешімін қолдау жөнінде Үндеу қабылдады.

Үндеу мәтінінде «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті оқытушылары мен студенттері Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын кезектен тыс өткізу туралы шешімін толығымен қолдайды.

Сыртқы сын-қатерлерге төтеп беру үшін барлық мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар және барша халық қабылданған жоспарлар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жолында топтасып, күш біріктіруі керек.
Біз, ғылыми орта өкілдері мен студенттер қауымы, қабылданған шешімді толық қолдайтынымызды жария етеміз.

Ел Президенті – Ұлт көшбасшысының шешімі елдің және халықтың мүддесінен туындап отыр. Сондықтан оны жүзеге асыру тұрақты даму үстіндегі, экономикасы күшті мемлекеттің маңызды қадамы болады деп санаймыз» деп көрсетілген. 

Пікірлер