BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық банк тұрғындардың «7-20-25» арқылы неге пәтер ала алмай жүргенін түсіндірді

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков қазақстандықтардың «7-20-25» бағдарламасына неге қатыса алмай жүргенін түсіндірді.

Оның айтуынша, ел тұрғындары бағдарламаға қатысу барысында төлем қабілетін растай алмаған.

Осы орайда Сенат депутаттары уақытында несиесін төлей алмаған қазақстандықтарды қорғап пікір білдірді.

«Тоңазытқышты 30 мың теңгеге несиеге алып, 3 мың теңгесін уақытында төлей алмай қалған. Енді ол азаматтың несие алу тарихы бұзылды. Сондықтан біздің көптеген азамат аталған бағдарлама бойынша пәтер ала алмай жүр», - деді депутат Ғұмар Дүйсембаев Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен жиында.

Олег Смоляковтың айтуынша, банктер үшін кредит тарихы айтарлықтай проблема емес екенін айта келе, қазақстандықтардың неге «7-20-25» бағдарламасына қатыса алмай жүргенін түсіндірді.

«Біз неге келісім берілмегеніне талдау жүргіздік. Ең басты себеп – қарыз алушы тапқан табысын растай алмай отыр. Яғни бағдарламадағы талаптар қолайлы болғанына қарамастан. Тіпті, мұнда табыс мөлшері төмен деңгейде. (Бағдарламаға қатысуға – автор) келісім берілмеудің басты себебі, қарыз алушылардың өз кірістерін растай алмауында», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Осыған дейін «7-20-25» бағдарламасына ТҮҚЖБ қатысуы мүмкін екенін, аталған бағдарламаға 2 жылда 15 мың пәтер салынатынын, 15 мың пәтер салынатынын, әрі «7-20-25» бағдарламасы бойынша мұғалімдер үшін алғашқы жарнаның мөлшері төмендетілетінін хабарлағанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер