BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШҚО-да жыл соңына дейін 1834 пәтер қолданысқа беріледі

Фото: 24kz

Астана, BAQ.KZ. Ағымдағы жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында «7-20-25»бағдарламасы бойынша 1834 пәтер қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Бұл туралы Өскеменге арнайы іс сапармен келген «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ серіктестік банктермен жұмыс жөніндегі департаментінің бас маманы Жанар Байпақпаева хабарлады.

«Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында «7-20-25» бағдарламасына қатысуға 299 адам өтініш білдірген. Оның ішінде 207 тұрғынның өтінімі мақұлданған», - дейді Жанар Байпақбаева.

Бүгінде Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары мен Қ.Қайсенов кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1652 пәтер дайын тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер