BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар облысында «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруға 305 пәтер қарастырылған

Павлодар облысында «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 305 пәтер қарастырылған, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисовтың мәліметінше, Павлодарда – 95 пәтер, Екібастұз қаласында 213 пәтер бар.

«Қазіргі таңда «7-20-25» Бағдарламасы бойынша тұрғын үй беру ережелеріне өзгерістер мен түзетулер енгізілгеніне байланысты ипотекалық несиелендіру қарастырылған. Осы жылдың соңына дейін 269 пәтер бойынша қосымша ұсыныс болады деп күтілуде», - дейді ведомство басшысы.

Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша сегіз екінші деңгейлі банк несие бере алады. Бұған дейін 143 млн. теңге болатын 123 өтініш түскен. Олардың жетеуі мақұлданып, тұрғындар пәтерлі болды.

Айта кетейік, Екібастұз қаласында пәтердің әр шаршы метрі 135 мың теңгеден 100 мың теңгеге арзандады. Әзірге 110 адам баспана алуға ниеттеніп отыр. Баспаналарды Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үлестіреді.

Мамандардың айтуынша, кезекте тұрғандарға да талап бірдей.

«Кезегің келсе, банк сұраған алғашқы жарнаны жинақтауың қажет. Қаражатты банкке бірден салуға болады. Қысқасы, үй аламын десең, банкті айналып өте алмайсың.Мамандар баспананы қайталама нарық арқылы сатып алудың айтарлықтай артықшылығы жоқ. Бір бөлмелі жаңа пәтердің шаршы метрі 100 мың теңге болса, қайталама нарықта 98 мың теңгеге бағаланып отыр», - дейді мамандар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер