BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күніне 30 қазақстандық «7-20-25» бағдарламасы бойынша кредит алады

Фото: Túrkistan

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы 7-20-25 бойынша банктер орташа алғанда бір жұмыс күнінде 30 несиені мақұлдаған деп хабарлайды «Баспана» Ипотекалық ұйымы. Ақшалай шаққанда, адамдарға күніне 369 млн теңге берілген. Бұл туралы «Баспана» Ипотекалық ұйымы хабарлайды.

2018 жылдың нәтижесі бойынша 7-20-25 арқылы мақұлданған несие сомасы 45 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде (қазіргі көлем 44,2 млрд теңге). Желтоқсан айында бағдарламаға Сбербанк қосылды. Осылайша, жыл соңында 7-20-25 аясында жұмыс істейтін банктер саны сегізге жетті. Олар: Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Халық Банк, Цеснабанк, Forte Bank, Еуразиялық Банк, Bank RBK және Сбербанк.

Ең көп мақұлданған кредиттер Астана қаласында (18 млрд теңгеге 1224 өтінім), ең азы – Түркістан облысы (0 өтінім).

Сонымен бірге биылғы жылдың аяғына дейін қолданыста болған үйлер бойынша кемінде 2 млрд теңге ипотека беру жоспарланып отыр. «Баспана Хит» бағдарламасында Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары ерекше белсенді. Елордада 73 тұрғынға 950 млн теңге сомасында келісім берілді. Шығыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 106 млн. теңгеге 19 кредит мақұлданды. Тұтас алғанда, «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 1,8 млрд теңгеге 192 өтінім мақұлданды.

Қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасының барлық 8 серіктес-банкі «Баспана Хит» бойынша да жұмыс істейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер