BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда 7-20-25 бағдарламасы бойынша сатылатын пәтерлер көрмесі өтеді

Фото: ашық дереккөзден

Көрмеге 1200-ден астам пәтер шығарылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Баспана» Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Астана мен Алматыда өткен 7-20-25 жәрмеңкелері халықтың қызығушылығын туғызды. Оларға 20 мыңнан астам тұрғын, 70 тұрғын үй кешені, банктер мен «Баспана» Ипотекалық ұйымының өкілдері қатысты. Жәрмеңкелер 200ден астам тұрғын үйдің өз иесін табуына сеп болды.

Ендігі кезекте өзге өңірлер де жәрмеңкелерге қызығушылық танытып отыр. Өз кезегінде кезекті тұрғын үй көрмесі Қарағанды қаласында, 29 қыркүйекте, Серік Сапиев атындағы Бокс сарайында өтпек.

"Біз халықтың «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылатын пәтерлер туралы ақпаратқа сусап отырғандығын талмай айтып келеміз. Ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелер азаматтарға осындай керек ақпаратты беруде таптырмас құралға айналды. Өз кезегінде құрылыс компаниялары да тұтынушыларының барлық қажеттілігін анықтап, аудиториямен етене жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Көрмеге 1200ден астам Қарағанды пәтерлері шығарылмақ. Сонымен бірге, келушілерге құрылыс компаниялары, банктер мен «Баспана» Ипотекалық ұйымының өкілдері кеңес беретін болады. Кіру тегін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер