BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбе облысы тұрғын үй құрылысы жағынан көшбасындағы бестікте

Астана, BAQ.KZ. Бүгін ведомство басшысы өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылығымен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Тау-кен компанияларының ұжымдарымен кездесуді ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі өнеркәсіптің дамуы жайында баяндады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша экономиканың аталмыш саласы 5,7% өскен, 1,3 триллион теңгеден астам сомаға өнім өндірілді. Қолданыстағы кәсіпорындардың оң динамикасы жаңа өндіріс, жүктеме, жаңғыру және цифрландыру есебінен қамтамасыз етілген.

«Басты міндет – экономика өсімінің қарқынын 5 пайыздық деңгейде қамтамасыз ету. Болжамдарға сәйкес, жыл соңына дейін Елбасының бұл тапсырмасы орындалатын болады. Әлеуметтік даму – Президент саясатының негізгі басымдықтарының бірі, бұл соңғы кезекті Жолдауда тағы да дәлел. Елбасы тапсырмасымен 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі еңбекақыны 1,5 есе – 28 мыңнан 42 мыңға көтеру жоспарлануда. Ақтөбе облысында 35 мың адамның еңбекақысы өседі. Учаскелік дәрігерлер мен медбикелерге үстемеақы қосылып, тәрбиешілер мен балабақша қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы өседі деп күтілуде, - деді Бердібек Сапарбаев.

«Мемлекет басшысы Жолдауында Үкімет алдына бірқатар міндеттер қойды. Негізгі мақсат – барша қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Біздің министрлік көпжоспарлы және бізге үш базалық мемлекеттік бағдарламалар – индустриаландыру, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды жүзеге асыруға нақты тапсырмалар берілді, - деді Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзінше, былтыр Қазақстан бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 11 млн шаршы метрден асып, 100 мыңнан аса отбасы жаңа баспаналы болды. Биыл елімізде 12 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілмек, бұл Қарағандының немесе Павлодардың тұрғын үй қорына тең, яғни Қазақстан жыл сайын бір үлкен қала салады.

«Ақтөбе облысы тұрғын үй құрылысының көлемі жағынан қашанда көшбасшылар бестігінде. Сондықтан министрлік облыс әкімдігінің барлық бастамаларын қолдауға әзір. Біз келесі жылы облыста құрылыс көлемін арттыра алатынымызды көріп тұрмыз. Өйткені тұрғын үй бағдарламаларына біз бөлген әрбір теңге құрылыстың нақты көлемін табады және нақты азамат өз жағдайын жақсартады», - деп атап өтті министр.

Ол индустриалық даму жайында айта келе қазіргі таңда өнеркәсіпті қолдау және дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралардың өңделген экспорт көлемін 2022 жылға қарай 1,5 есе, экспорттаушы кәсіпорындар санын 300-ден 450-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Ақтөбе облысы Қазақстанның неғұрлым дамыған индустриалық облыстарының бірі болып табылады. Мәселен өнімді экспорттау жағынан Қазақстан бойынша екінші орында. Дүние жүзіндегі жағдай өзгереді. Сондықтан, біз экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қолдай қолдау көрсету тәртібіне көшеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға 500 млрд теңге бөлінуде. Оның ішінде 100 млрд теңге «Даму» құралдары арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға кетеді. Қалғаны Қазақстанның даму банкі арқылы. Өз тарапымнан, министрлік Президенттің ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру бойынша қойған барлық тапсырмаларын жүзеге асыру үшін барынша күш жұмсайтынына сендіргім келеді, - деді сөзін түйіндеген министр.

Жеңіс Қасымбек жұмыс сапары аясында сондай-ақ, құрылыс компанияларының ұжымдарымен және Хромтау қаласындағы «Восход - ORIEL» ЖШС ұжымымен кездесті.

Ол бұдан басқа, жолдарды салу және қайта салу бойынша ірі жобалардың, «7-20-25» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуымен, А сыныпты көліктік-логистикалық орталықтың құрылысымен танысып, Мұз сарайы мен теннис орталығында болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер