BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«7-20-25» бойынша 300-ден астам қарағандылық баспаналы болады

Фото: Автор

Қарағандыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 326 пәтер сатылмақ. Бұл жайында қала әкімі Нұрлан Әубәкіров мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

«Бүгінгі таңда аталмыш тұрғын үй несиесін алуға 65 өтініш тапсырылған, оның 46-на қатысты оң шешім қабылданған. Бағдарлама шеңберінде төрт көпқабатты үйлерді қолданысқа беру жоспарлануда. Олар «Көгілдір тоғандар», «Степной-2» ықшам аудандарында, Сейфуллин және Ермеков көшелерінің бойында орналасқан», - дейді Нұрлан Әубәкіров.

Жалпы жыл соңына дейін бағдарлама бойынша 326 пәтер сатуды жоспарлануда. Үйлердің көпшілігі қараша айында дайын болады.

«Банктер клиенттермен жұмыс жасай берулері үшін оларға ақпаратты алдын ала береміз. Банктерде қазір өтінім рәсімдеуге ниет білдірушлер көп. Рәсімдеуге екі апта уақыт жұмсалатындықтан, қараша айында дайын болатын пәтерлерді адамдар несиеге алып үлгереді», - дейді қала әкімі.

Оның айтуынша, алдағы уақытта қаламызда «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылатын пәтерлері бар үйлердің суреттері көрсетілген жарнамалық билбордтар пайда болады. «Instagram» әлеуметтік желісінде қолжетімді несие алушыларға арналып парақша ашылған, онда мамандар бағдарлама шарттары және салынып жатқан үйлер жайлы сауалдарға жауап береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер