BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«7-20-25» бағдарламасы аясында 2 513 өтініш мақұлданды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. «7-20-25» бағдарламасы аясында 3 752 өтініш қабылданды.

Ұлттық банктен хабарлағандай, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша қарыз алуға 44,5 млрд. теңге сомасына 3 752 өтініш қабылданды. Оның ішінде 30,0 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 2 513 өтініш мақұлданды.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер