Серік Сәпиев «Еуразия» студенттерімен кездесті
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Серік Сәпиев «Еуразия» студенттерімен кездесті

Жақында ғана «Астана арландары» клубына президент болып тағайындалған Серік Сәпиевке студенттер тарапынан қойылған сұрақтар өте көп болды. Олимпиада чемпионы барлық сауалға толық әрі нақты жауап беруге тырысты. Жақсы сұрақ қойған студенттерге чемпионның қолтаңбасы бар кепка сыйға тартылып отырды.
Кездесуді университеттің проректоры Дихан Қамзабекұлы ашып берді. Одан әрі қарай еркін форматта, сұрақ-жауап түрінде өрбіді.


Студенттердің көпшілігін Серіктің боксқа қанша жасында және қалай келгені қызықтырды.

– Мен бокс залына алғаш рет 10 жасымда бардым. Әкемнің інісі Бақтай Сәпиев кезінде танымал боксшы болған. Сол кісі Абайдағы бокс мектебіне ертіп барды. Онда мені Александр Стрельников жаттықтырды.Алғашқы бапкерім болды. Кейіннен Қарағанды қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-интернатқа оқуға түстім. Ол жерде Саин Артаев деген бапкер болды. Дегенмен мектепті бітірген соң қайтадан Александр Владимировичке оралдым. Менің Олимпиада чемпионы атануыма бірден-бір себепкер, екінші әкемдей болып кеткен кісі, –дейді С.Сәпиев.

Кездесу соңында студенттер естелік суретке түсіп, тілшілерге сұхбат берді.
 

Пікірлер