ҰБТ тапсыра алмаған түлектерге жаңа мүмкіндіктер
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҰБТ тапсыра алмаған түлектерге жаңа мүмкіндіктер

Енді ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра алмай қалғандар, осы орталықтан дәріс алып, өзіне керек мамандық таңдауына үлкен мүмкіндік бар. Тек биылдың өзінде сынақтан сүрінгендердің саны 197 адамға жеткен.

«Тестілеуден өте алмаған түлектер үшін қазір 10 айлық курстар ашылды. Осындай оқуға түскендер тіпті 13 000 теңге көлемінде шәкіртақы алатын болады. Бітірген соң олар кез келген жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретігн диплом алады», - деді жоғары біліктілік деңгейіндегі бақылаушы Маржан САҒЫНБАЕВА.

Алғашқы қоңырау бұл орталықта да 1 қыркүйекте соғылады. Айта кетейік, аталған білім ордасына тек мектеп жасындағы оқушылар ғана емес, жұмыссыз жүріп, жасы 29-дан аспаған кез келген азамат білім ала алады. 

Пікірлер