BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Бауыржан Момышұлы» фильмі халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы атанды

Биыл байқауға ТМД және алыс-жақын шет елдерден барлығы 134 тапсырыс түсіпті. Сарапшылар кеңесі соның ішінен 65 фильм мен телебағдарламаны іріктеп алған. Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында осы тақырыпқа түсірілген кинотуындылардың сайысы 10 аталым бойынша бәсекеге түсті. Бас жүлде Севастополь қорғаушыларына арналған Ресейлік «35-ші жағалау батареясының құпиясы» фильміне бұйырса, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар тобы «Бауыржан Момышұлы» фильмін «Мәскеу қорғаушылары» аталымында үздік деп таныды.

Айта кетейік, «Бауыржан Момышұлы» фильмі Александр Бектің «Волоколам тас жолы» туындысы бойынша қазақтың қайсар ұлы, батыр атамыз Бауыржан Момышұлының Ерлігі туралы түсірілген болатын. Белгілі режиссер Ахан Сатаевтің бұл туындысы жуырда ғана Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Алматы мен Астана кинотетарларында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көрсетіліп, көптің ықыласына бөлінді.

 

Пікірлер