BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

С.Мақыш, экономист: «Мемлекеттер өзара ықпалдаспайынша бәсекеге төтеп бере алмайды»

«Қазір жаһандану жағдайында әлем елдері интеграция процесін бастан өткермейінше бәсекеге төтеп бере алмайды. Кеден одағының оң нәтижесін көрген біздің еліміз үшін Еуразиялық экономикалық одақты құру қажеттілік деп есептеймін. Біздің жеріміз үлкен болғанымен, халқымыздың саны аз, шағын мемлекетпіз. Демек, Еуразиялық экономикалық одақтың бірінші оң әсері ол - өндірістегі сұранысты арттырады. Өндіріс көлеміміз ұлғайса бәсекелестікке қабілеттілігіміз артады. Нарықтың көлемі өсіп, экспортқа жол ашылады. Сондай-ақ, қазақ кәсіпкерлерінің дамуына соны жол салынары сөзсіз» дейді С.Мақыш.
Серік Биханұлының пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы Қазақстан экономикасының дамуына оң ықпалын тигізбек. Сол арқылы, елдің әлеуметтік жағдайы да жақсарады. «Бұл экономикалық кеңістікте Ресейдің ықпалы үлкен болары сөзсіз. Бірақ, біз ауыл шаруашылығын дұрыстап дамытатын болсақ, бәсекелестікте олардан асамыз деп сенемін. Көбісі Еуроодақтың құлдырауын мысалға алуы мүмкін. Олардың қателігін біз қайталамауымыз керек. Еуроодақта Германия негізгі күш болып отыр. Мен Германияда болғанымда сол елге кіріп келе жатқан ұзын-сонар машина кептелісін көрдім. Көрдіңіз бе, Германияда өнім көп, бағасы да арзан болғандықтан маңындағы елдер тауарды өздіріне мол тасымалдайды»,-дейді ол.
 

 

Майгүл СҰЛТАН

Пікірлер