Түркі академиясы мен ЕҰУ меморандумға қол қойды
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Түркі академиясы мен ЕҰУ меморандумға қол қойды

 Салтанатты жиынға Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен академия ғалымдары және аталған университет ректоры Ерлан Сыдықов бастаған университеттің академик, профессорлар құрамы қатысты.
Тараптар меморандум аясында: ғылыми жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу, түркология мәселелері бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар және симпозиумдар өткізу, түркітану саласы бойынша мамандар даярлауда екі тараптың профессор-оқытушылар құрамы арасындағы ғылыми-әдістемелік байланысты орнықтыру, түркітану бойынша магистратура және докторантура жүйесінде мамандар даярлауда университеттің аудиториялық қорын бірлесе пайдалану сонымен қатар, түркітану мамандығы бойынша студенттер мен магистранттарды, докторанттарды өндірістік және оқу тәжірибесі мен ғылыми тағлымдамадан өткізуге мүмкіндік жасауға келісті.
Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің айтуынша, Түркі академиясының әлден-ақ көптеген шетелдік белді университеттер мен ғылыми институттармен тығыз ынтымақтастық орнатқанын алға тартты. «Бүгінде Қазақстандағы түркология мамандарының шоғыры орын тепкен Еуразия ұлттық университетімен әріптестік орнату Еуразия кеңістігінде түркология ғылымының соны серпінмен дамуына негіз болады», деді Д.Қыдырәлі.
Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов тікелей төрт елдің басшыларының бастамасымен құрылған Түркі академиясының маңыздылығын атап өтті. Жуырда халықаралық мәртебе алғалы отырған Түркі академиясымен түркология саласында көптеген білікті ғалымдары бар Еуразия ұлттық университеті бірігіп жұмыс істесе пайдалы болатынын айтты.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

 

Пікірлер