Депутаттар мен студенттер кездесті
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Депутаттар мен студенттер кездесті

Кездесу барысында депутаттар Президент Жолдауын интерактивтік түрде үш тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде егжей-тегжейлі талқылады. Олар жастардың назарын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен патриотизмге аударды, сондай-ақ ғылыми негізделген экономикалық базисті дамыту, отандық білім беру саласын бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ғылыми әлеуетті ұйымдастыру және инновациялық технологияны қалыптастыру қажеттігі туралы әңгімеледі.

Сенатор Бірғаным Әйтімова құлағы ауыр балаларға арналған облыстық бейімдеу мектеп-интернатында болды. Білім беру мекемесінде кохлеарлық имплантация жүйесін қолдану арқылы құлағы ауыр балаларды оңалту шаралары жүргізіледі. Депутат мектептегі оқыту әдістемесімен және мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен танысты, сондай-ақ оқушылардың пікірлері мен тілектерін тыңдады. Оқушылар және мұғалімдермен әңгіме барысында депутат Президент Н.Назарбаевтың Жолдауындағы негізгі бағыттарды атап өтіп, құжаттың әлеуметтік бағдарына тоқталды.

Сондай-ақ кеше сенаторлар Б.Әйтімова мен А.Башмаков және Мәжіліс депутаты А.Тасболатов Аққайың аудандық мәслихатының депутаттарымен, «Нұр Отан» партиясының аудандық ұйымының активімен және жұртшылық өкілдерімен кездесіп, Жолдаудың маңызы мен ерекшеліктерін атап өтті.
Одан басқа, Б.Әйтімова қарттар мен мүгедектерге арналған Смирновск интернат үйінде болып, ардагерлердің ахуалы мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне және күтуші қызметкерлердің қамқорлығына назар аударды.
Бүгін сенаторлар Бірғаным Әйтімова мен Серік Біләлов шекаралық аймақтағы бес облысқа қызмет көрсететін Петропавл протез зауытында болды. Олар Мемлекет басшысының Жолдауындағы мүгедектерге тең құқықтар мен мүмкіндіктер беруді көздейтін бөлігіне ерекше назар аударды.

Депутаттар сондай-ақ облыстық кардиологиялық орталықта да болды. Орталық қызметкерлерімен кездесуде депутаттар денсаулық сақтау саласында адам факторын пайдалануға, сондай-ақ күнделікті тәжірибеде науқастарды емдеуге инновациялық әдістерді енгізу қажеттігіне көңіл бөлді.
 

Пікірлер