Мәдина Садуақасова мен Олжас Смағұловтың үйлену тойы (ФОТО, ВИДЕО)
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәдина Садуақасова мен Олжас Смағұловтың үйлену тойы (ФОТО, ВИДЕО)

Белгілі болғандай, тойы Esperenza ресторанында өтті. Ал күндіз, жары Олжас екеуі неке сарайында некелерін қидырған. Мәдина тойға екі көйлек киген, бірін құрбысы сыйға тартса, екіншісін өз дизайнері арнайы Мәдинаның тойына тіккен деседі. Некелесу кезіне Мадина иығын шілтермен жапқан ақ көйлек киген.

Ал кешкі тойға Мәдина көбелектермен сәнделген бал көйлегін киіп шықты. 

Мәдина жары Олжаспен осыдан 4 жыл бұрын танысып, тек 2013 жылдан бастап қана кездесе бастаған. Ал күйеуі жігіт Олжас, Мәдинаға тұрмысқа шығуға ұсынысты туған күні 8- қыркүйекте тәтті торттың ішіне сақина салып айтқан екен.
Жас айырмашылығына қарамастан (Олжас 1986 жылғы), өзін сүйген, өзі сенген азаматқа келісімін беріп,  көптен күткен тойларын жасады.
Cүйікті әншіміз Мәдина мен Олжасқа бақыт тілейміз! Көтерген шаңырақтарыңыз биік болып, іші сәбиге толсын демекпіз!
Мәдина Садуақасова үйлену тойына суреттер көре отырыңыздар: 

Пікірлер