Ең арзан шырша Шымкентте...(ФОТО)
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ең арзан шырша Шымкентте...(ФОТО)

Шырша алауын салтанатты түрде жағу рәсіміне Аяз ата мен Ақшақардың 250 жұбы қатысты. Қала басшылығы миллиондаған қаржыға жаңа шырша сатып алуды жөн көрмеген. Былтырдан қалған шырша жарамды болғандықтан ысырапшылыққа жол берілмеді деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Биылғы жылдың бір ерекшелігі — 500 адам Аяз ата мен Ақшақардың киімін киді. Олар қала тұрғындарына мерекелік қуанышты сездіру мақсатында "Кең баба" саябағынан бастап, орталық Әл Фараби алаңындағы бас шыршаға дейін әндетіп жүріп өткен" делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Павлодар қаласының әкімі шаһардың бас шыршасына 37 миллион теңге жұмсап, жұрттың жағасын ұстатқан болатын.

Ал, ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов Тәуелсіздік мерекесі өтпейінше, өңірде бірде-бір шыршаның алауы жағылмайтынын мәлімдеген болатын.

Пікірлер