Қазақ қызы әлемді бағындырды
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ қызы әлемді бағындырды

 Бұл жарысқа әлемнің 14 елінен 70-ке жуық спортшы қатысты. 20 жасқа дейінгі қыздар арасынан әлемнің вице-чемпионы атанған жерлесіміз 7,5 ұпай жинады.
Қазақтың дарынды қызы Жансая Әбдімәлік әлемді тағы да бағындырды. Швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған турнирге әлемнің 14 елінен 70-ке жуық қатысушы келді, олардың арасында алты халықаралық дәрежедегі және бес ФИДЕ шебері бар. Жерлесіміз мүмкін болған 9 ұпайдың 7,5-ін қоржынына салып, қарсыластарын қапы қалдырды.Сол арқылы Жансая әйелдер арасындағы гроссмейстер атануға мүмкіндік алды.

Жансая Әбдімәлік, шахматшы:


- Ерлер арасындағы халықаралық дәрежедегі байқауда жеңіске жетіп тұрғаным алғаш рет. Алты қарсыласымнан басым түсіп, үшеуімен тең ойнадым. ФИДЕ рейтингіндегі орным көтерілді.


Бүгінде Жансаяның жаттықтырушысы – әлемге танымал Владимир Чучелов. Оның сиқырлы тақтаның қыр-сырын жетік меңгерген Фабиано Каруна, Аниш Гири сынды шәкірттері бар.


Владимир Чучелов, жаттықтырушы:


- Жансая ойын тақтасында еркін жүруі үшін тізеге отыруы керек болатын. Жасы 12-де еді. Ол турнир бойы 18,19,20 жастағы спортшылармен бақ сынасты.


Шахматшы қыздың ендігі мақсаты – үздік үштікке ену. Сондай-ақ, ең басты арманы да бар.

 


Жансая Әбдімәлік, шахматшы:


- Әйелдер арасында әлем чемпионы атанғым келеді. Қазіргі уақытта мен өзімді жеңіске дайындаудамын. 15 жасыма дейін осы шыңды бағындырсам деймін.


Төрт дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәліктің жеңісті күндері әлі алда екеніне сеніміміз мол.

Пікірлер