Панфиловшылар туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Панфиловшылар туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

Хабарламада айтылғандай, кітап авторлары Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңдерінен алынған естеліктерді құрай отырып, тарихи шындықтың бетін ашуға тырысқан.
«Оқу-тәжірибелік баспада И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық 316-шы атқыштар дивизия жауынгерлерінің өмірінен ерлік оқиғалары мен 1941 жылдың 14 қазаны мен 14 желтоқсан аралығындағы Отан қорғау жолындағы шайқастарынан мағлұмат береді. Аталмыш дивизия Алматы қаласында 1941 жылдың 12 шілдесінде құрылған еді. Күн санап дивизияның асқан ерліктері мен жан алысып, жан беріскен шайқастарынан картиналар көрсетілді», - делінген хабарламада.
Кітап «Зиялы еңбек әйелдерінің кеңесі» ҚҚ тарапынан Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жарыққа шықты.

Пікірлер