BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халқы 70 пайыз қазақша сөйлейтін өңірлер қазақ тіліне көшуі керек

- «Бұл – ана тіліміз бен ата-дәстүріміздің, ұлттық мәдениетіміздің мәңгі жаңғыру дәуірі. 2025 жылға дейін мектептегі балалар түгел қазақша оқып шыққан кезде барлығымыздың да қазақ тіліне көшетіндігімізді айттық. Конституцияда екі тілділік деген мәселе бар. Бұл – елдің бірлігі үшін, сыртымыздың және ішіміздің бүтіндігі мен тыныштығы үшін жасалып отырған амал. Тәуелсіздік алған жылы халқымыздың қанша болғанын баршаңыз да білесіздер. Ал, қазір қазақша сөйлейтін халқы 70 пайыздан асқан өңірдің барлығы қазақ тіліне көшуі керек», - деді партия Көшбасшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Елбасы, партияның Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезі өтуде. Съезд жұмысына партияның барлық өңірлік филиалдарынан келген 1200 тарта делегат қатысты.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
 

Пікірлер