Президент АҚШ елшілерін елден қуып шықты
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Президент АҚШ елшілерін елден қуып шықты

Мадуро 2011 жылдан бері АҚШ елшісі болып отырған Келли Кейдерлинг пен екі елшісіне ел аумағынан шығып кетуге 48 сағат берді. «Янки гоу хоум, қараларыңды батырыңдар!» деп хабарлады президент жергілікті телеарнадан. Оның айтуынша, америкалық дипломаттар оппозиция өкілдерімен жиі кездесіп, ел экономикасын құлдырату үшін түрлі айла-шарғылар ұйымдастырып келген. «Барак Обама бұған қалай қарайтыны мені қызықтырмайды» дейді ол.
5 наурызда Венесуэла үкіметі елдегі тыныштықты бұзуға ниеттенген екі америкалық әскери атташені ел аумағынан қуып шыққан еді. Мадуроның айтуынша, олардың бірі Венесуэла әскерилерінен қарулы күштері туралы ақпарат алуға және бейбіт халық арасына іріткі салуға талпынған.

 

Ғабит ҚАРАБАЙ

Пікірлер