BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл Құрбан айтта бір ғана күн демаламыз

Естеріңізге саламыз, ҚР Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айттың тек бірінші күні демалыс күні ретінде бекітілген. Ал демалыс күндері сенбі не жексенбі күніне тура келсе, басқа күнге ауыстырылады.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер туралы» ҚР 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында былай деп көрсетілген: «ҚР ұлттық және мемлекеттік мерекелер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мереке күндері болып саналады».

«Құрбан айт (құрбан шалу мерекесі) – қажылық маусымының аяқталар кезеңінде тойланатын мұсылмандар мерекесі. Құрбан шалу дәстүрі – Ибраһим пайғамбардан қалған сүннет. Ол хижри жыл санауы бойынша, он екінші айдың оныншы күніне тура келеді, яғни, Рамазан айт мерекесінен кейін 70 күн өткенде тойланады.

 

Ғабит ҚАРАБАЙ

Пікірлер